Поляк-неміс шекарасындағы жарылыс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Польшадағы Осинов Дольний елді мекеніндегі базарда орналасқан пиротехника дүкеніндегі жарылыс туралы видео пайда болды.

Поляк-неміс шекарасындағы жарылыс

Алдын ала деректерге қарағанда, пиротехникалық бұйымдардың жарылысы салдарынан 50 шатыр жанып кеткен, сегіз адам зардап шекті.

YouTube-те жарияланған роликте жалынның бірнеше павильонды шарпығаны, базар үстінде қою түтіннің будақтай көтеріліп жатқаны көрініп тұр. Ал қалың өрттің арасында оқтын-оқтында петардалар жарылып жатыр.