08:13, 22 Тамыз 2022 | GMT +5
Португалия алапат орман өртімен күресіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Португалияның құрлықтағы бөлігінде 11 орман өртін сөндіруге екі мыңға жуық адам тартылды. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық қызмет басшысы Андре Фернандеш айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews сілтеме жасап.
Өртпен күресуге арнайы авиация мен жүздеген техника жұмылдырылды. Фернандештің айтуынша, Вила-Реал муниципалитеттінде, Лиссабон маңындағы Аленкерде және Уремде жағдай қиын. Бұл аудандарда ауа ылғалдылығы төмен және жед екпіні күшті. Сейсенбіге дейін елдегі бірқатар өңірде орман алқабына жақындауға қатаң шектеу қойылды.
Соңғы аптада, Португалияның ұлттық өрт сөндіру қызметінің бағалауынша, тек Серра-да-Эштрела тауларында 30 мың гектар алқапты өрт шарпыған.
Видеодан алынған кадр