Португалия фуникулердегі апаттан қаза тапқандарды аза тұту жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – Португалия билігі көптеген адам қаза тауып, жарақат алған «Глория» фуникулеріндегі апатқа байланысты ұлттық аза тұту жариялады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

- Біздің қала бұрын-соңды мұндай қайғылы оқиғаны көрмеген7 Сондықтан ұлттық азамен қатар қайғылы оқиға болған Португалия қаласының кеңесі де үш күндік аза тұту жариялады, - деп мәлімдеді Лиссабон мэрі Карлуш Муэдаш.
Еске сала кетсек, 3 қыркүйекте Лиссабондағы туристер арасында танымал «Глория» фуникулері рельстен шығып кетті.
Соққының күшті болғаны соншалық, вагон «кағаз үй сияқты опырылды», - деді куәгерлердің бірі SIC телеарнасына.
Апаттан 15 адам мерт болып, 18 адам жарақат алды, соның ішінде бесеуінің жағдайы ауыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің ұлты туралы әзірге ештеңе айтылған жоқ, бірақ олардың арасында шетел азаматтары бар екені белгілі.
«Глория» фуникулері – Португалия астанасының визиттік карталарының бірі және елдің ұлттық ескерткіші ретінде танылған.