Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Португалияда орман өртімен 2 мыңнан астам адам күресіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Португалияның тоғыз ауданында ыстық әрі құрғақ ауа райына байланысты өрт қаупінің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды. Елдің қалған аумағының басым бөлігінде «сары» деңгей қосылған, деп хабарлайды Еuronews.

Португалияда орман өртімен 2 мыңнан астам маман күресіп жатыр
Фото: АР

Қазір бүкіл ел бойынша өртпен 2 мыңнан астам өрт сөндіруші күресіп жатыр. Сонымен қатар тілсіз жауды ауыздықтауға жиырмадан астам ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған.

Апта басынан бері кемінде бес өрт сөндіруші күйік алған. Олардың көлігі өрт құрсауында қалғанымен, кейін топ мүшелері қауіпсіз жерге шыға алған.

Өткен аптаның соңынан бері Португалияда үш жаңа өрт ошағы тіркеліп, олар қысқа уақытта бақылаудан шығып, қауіпті аумаққа дейін ұлғайған. Мәселен, Браганса ауданында сенбі күні басталған өрт соңғы бірнеше күнде 2 мың гектардан астам орман алқабын жойды.

Португалия бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, өрттің осыншалықты жылдам таралуы сот талқылауына себеп болуы мүмкін. Бірқатар жағдайда жергілікті билік қажетті шараларды жедел қабылдамаған деген күдік бар. Сондай-ақ өрт сөндірушілердің шұғыл шешім қабылдау мүмкіндігі шектелгені туралы айтылып жатыр.

Айта кетелік Бельгия тарихындағы ең ірі орман өрті мыңдаған гектарды шарпыған еді.