Португалиядағы Әлем чемпионатында қазақстандық волейболшылар ерлер арасында да, қыздар арасында да 25-ші орын алды

АЛМАТЫ. 13 шілде. ҚазАқпарат - Португалияның Порту қаласында 19 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатын қазақстандық жағажай волейболшылары ерте аяқтады.

Португалиядағы Әлем чемпионатында қазақстандық волейболшылар ерлер арасында да, қыздар арасында да 25-ші орын алды

Онда негізгі турнирдің топтық сындарында Виктор Пестов пен Кирилл Гурин, Анна Елеференко мен Екатерина Ласюта 4-ші орын алып, 25-ші орынды қанағат тұтты. Виктор мен Кирилл - Никарагуа, Италия, Австрия, ал Анна мен Екатерина - Италия, Ресей, Португалия спортшыларына ұтылды.

Екатерина былтыр Кипрде өткен Әлем чемпионатында да өнер көрсеткен еді. Онда Александра Варасовамен жұп құраған Е.Ласюта 1/16 финалда жеңіліп, 17-ші орынға табан тіреген болатын. Биыл бұл көрсеткішін біршама төмендетіп алды.