Посткеңестік мемлекеттер дамуының көшпелі кезеңі аяқталды - Д.Назарбаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - Посткеңестік мемлекеттер дамуының көшпелі кезеңі аяқталды. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан 12-ші Еуразиялық медиа форум барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, аталған форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева айтты.

Посткеңестік мемлекеттер дамуының көшпелі кезеңі аяқталды - Д.Назарбаева

«Ыдыраған Кеңес одағының орнында пайда болған, яғни, посткеңестік деп аталатын мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының сараптамасы біздің елдеріміздің көшпелі кезеңді аяқтағанын көрсетіп отыр», - деді ол.

Д.Назарбаеваның атап өтуінше, бүгінгі таңда еуразиялық кеңістіктегі елдердің даму қарқынының алуандығы мәселесі өткір көтеріліп отыр. «Ал дамудың синхрондылығы біздің елдеріміз таяу онжылдық ішінде шешуі қажетті маңызды проблемалардың бірі», - деді Мәжіліс вице-спикері.

Сонымен қатар ол өз сөзінде екі күндік форум аясында ұйымдастырылатын отырыстарға жеке-жеке тоқталып, қандай мәселелер көтерілетіндігін тарқата айтып берді.