14:07, 01 Қараша 2024 | GMT +5
Пойыз бен көліктің соқтығысуы: тергеу амалдары басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысы полиция департаменті жеңіл автокөлік пен локомотивтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Бұған дейін анықталғандай, 31 қазанда сағат 22.30 шамасында «Ауди В4» автокөлігінің жүргізушісі «Степногорск – Заводской» тас жолымен келе жатып, бір жолды теміржол өткелінде бос тұрған үш цистернасы бар локомотивке соғылды.
Жол-көлік апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Степногорск қаласының ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта тергеу аясында жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.