Пойыз жолаушылары қандай заңбұзушылықтарға жиі барады

Сианнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайтын болады
Фото: Kazakhstan Temir Zholy

АСТАНА. KAZINFORM – Кейде пойыздарда жұрттың бей-берекетін алатын жолаушылар кездесетіні рас. Сондай жағдайда не істеу керек және бұзақылардың мәселесі қалай шешіледі? Бұл сұрақтың жауабын «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжановтан сұраған едік.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша шамамен 60 тәртіп, заң бұзушылық фактісі тіркелді. Оның ішінде вандализм де бар. Ішімдік ішіп, тәртіпке бағынбаған жолаушыларды пойыздан түсірген жайттар да болды. Мас күйінде адамдардың мазасын алып, берекетін қашырған жолаушылар болады», - деді Жәнібек Тайжанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында Көліктегі полиция департаментімен бірлесіп жұмыс жүргізіледі.

«Бізде арнайы бұйрық бар, оның негізінде тәртіп сақшылары ішінара пойыздарды аралап, жолаушылардың тыныштығын күзетеді. Мәселе туындаған жағдайда жолсерік алдымен жайтты пойыз бастығына жеткізеді, шешілмеген жағдайда тәртіп бұзушының мәселесі жақын жерде пойыз тоқтаған станцияда қаралады», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар