Пойыздарда мұқтаж жандарға арналған вагондар қашан пайда болады

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пойыздар мұқтаж арналған вагондармен тек 2030 жылға қарай 100 пайыз жабдықталатынын айтты.

Астана – Омбы пойызының вагондары жаңарды
Фото: Көлік министрлігі

- Теміржол саласында пойыздарда шамамен 90 пайызында арнайы көтергіштер мен купелер бар. 2030 жылға қарай әрбір пойызда бір арнайы вагон болады, - деді ол.

Министр вокзалдарда кедергісіз орта құру үшін пандустар төселіп, жеделсатылар мен касса аймақтары, дәретхана қайта жабдықталатынын айтты.

- Билеттерге 50 пайыз жеңілдік бар. Осы сәуір айынан бастап ЖСН арқылы онлайн рәсімдеу функциясы іске қосылды 2025 жылы мың мүгедектігі бар жолаушы тасымалданды, - деді Нұрлан Сауранбаев.

Сондай-ақ бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жеке компанияларды мұқтаж адамдарды қолдауға шақырды.