Пойыз қаққан 63 жастағы ер адам ажал құшты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жүк пойызының астына түскен 63 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Пойыз қаққан 63 жастағы ер адам ажал құшты - ҚР ТЖМ

Жұма, 7 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңа Семей стансасында 63 жастағы ер адам өтіп бара жатқан жүк пойызының астына түсіп қалды. Ол оқиға орнында көз жұмды.