Пойызда контрабандылық баспа өнімдері табылды

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 15-і. ҚазПАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Жайсаң-теміржол» халықаралық кеден терминалының «Теміржол» кедендік бекетінде жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында контрабандылық баспа өнімдері тәркіленді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, №18 «Мәскеу-Бішкек» пойызын тексеру үстінде кеденшілерден жасырылған «Свободный Курдистан» газетінің 600-ге тарта данасы және 2009 жылға арналған қабырғаға ілінетін 299 дана күнтізбе табылды. Баспа өнімдері үлкен сөмкелерге салынып, жүктерге жасырылған. Әзірге бұл тауарларды кім кімге жібергені белгісіз. Жолсеріктің айтуынша, пойыз жүрер алдында бейтаныс адам Мәскеуден Бішкекке жеткізуді тапсырған. Жолсерік оны кедендік бақылаудан жасырып қалмақ болған.Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Материалдар Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жөнелтілді.
Соңғы жаңалықтар