Прагада ЕҚЫҰ-ның 18-ші экономикалық және экологиялық форумының екінші бөлімі өтеді
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, форумның тақырыбы - «ЕҚЫҰ аймағындағы шекаралар қиылысатын бекеттердегі басқару тәсілдерін жетілдіру, жер үсті көлігінің қауіпсіздігін арттыру және халықаралық автомобиль әрі теміржол көлігі қатынастарын жеңілдету», деп аталады. Шара аясында жер үсті тасымалының және көліктік инфрақұрылымның қауіпсіздігін, ЕҚЫҰ аймағындағы теміржол тасымалының әлеуетін тиімді пайдалану жайын, теміржол саласындағы құқықтық режімдер мен құжаттарды үндестіру мәселесін қарастыру жоспарланып отыр. «Шараға ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының 30-ден астам өкілдері қатысады. Аталмыш форумға қазақстандық делегацияны ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов бастап барады», дейді ресми өкіл.