Прают Чан-Оча Таиланд премьері қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд королі Пхумипон Адульядет елдің уақытша әскери үкіметтің басшысы генерал Прают Чан-Очаны премьер-министр қызметіне тағайындады, деп жазады Би би си.
None
None

Өткен бейсенбі күні Прают Чан-Оча ұлттық парламент отырысында елдің премьер-министрі болып сайланды. Дүйсенбі күні Бангкокта өтетін шарада король ресми түрде оның тағайындалуын растайды.

22 мамырда қантөгіссіз ел билігін жаулап алған 60 жастағы әскери бұл қызметке жалғыз үміткер болған.

Наразылыққа шыққандар премьер-министр Йинглак Чинават қызметтен кетуін талап еткен.

Соңғы жаңалықтар