Премьер-Министр Ақтауда аймақтардың инфрақұрылымын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалануға арналған аймақтық «дөңгелек үстел» отырысына қатысты

АҚТАУ. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақтауда өткен «Аймақтардың инфрақұрылымын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалану» тақырыбында өткен аймақтық «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жиынға сондай-ақ, бірқатар ведомство басшылары мен Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Бұл шараның мақсаты ? Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі тетіктерін насихаттау, концессиялық жобалар бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті өңірлерде дамыту мүмкіндіктерін талқылау.Мәжіліс барысында «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің қазақстандық орталығы» АҚ төрағасы Б.Смағұлов Қазақстандағы мемлекет пен жекеменшік әріптестігінің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры С.Вермерт мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына инвесторлар тарту мәселелері жөнінде әңгімеледі. Еуропалық қайта құру және даму банкінің Астана қаласындағы өкілдігі басшысының міндетін атқарушы У.Хиндстром банктің мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің муниципалдық жобаларын қаржыландырудағы тәжірибесімен бөлісті. Ал, Дүниежүзілік банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілі С.Шаталов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының жергілікті бюджеттегі қауіп-қатерлерін басқару туралы баяндады. «Дөңгелек стол» аясында «Концессиялық және бюджеттік инвестициялық жобаларды дайындау, жүзеге асыру, сондай-ақ олардың сапасын арттыру рәсімдері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Соңғы жаңалықтар