Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Премьер-Министр Алматы облысына жұмыс сапарымен келді

АЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапары аясында ақпанның 12-сі, жұма күні кешке Талдықорған әуежайына келіп қонды.

Премьер-Министр   Алматы  облысына  жұмыс сапарымен келді

Сапар барысында К.Мәсімов «Өркен» спорт кешенінде өтетін Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға және түсіндіруге арналған іс-шараға қатысады деп күтілуде.

Сапар бағдарламасы бойынша премьер сондай-ақ Талдықорғанның оңтүстік-батыс бөлігінде салынып жатқан Спорт сарайының ғимаратын көреді. Бұл нысанның сметалық құны 3 миллиард теңгеден асады.

Оған қоса, Үкімет басшысы Тілдер сарайының ашылу рәсіміне қатысады. Республикадағы алғашқы және әзірге жалғыз Тілдер сарайының құрылысы Елбасының «Тілдің үштұғырлығы» бағдарламасына сәйкес салынған болатын.

К.Мәсімов жұмыс сапарының соңында ғимаратында 23 облыстық этномәдени бірлестік, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, жастардың «Бірлік» қауымдастығы орналасқан Достық үйіне аялдайды. Бұл нысан 2008 жылы қарашаның 28-інде ашылған болатын.