Премьер-Министр Алматы облысына жұмыс сапарын жасайды

АЛМАТЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов наурыздың 23-24-і күндері Алматыға жұмыс сапарын жасайды.

Премьер-Министр  Алматы  облысына жұмыс сапарын  жасайды

Сапар барысында Премьер-Министр қаладағы бірқатар инфрақұрылымдық нысандар мен қысқы Азиада-2010 ойындары өтетін нысандар құрылысының барысымен танысады.

Сондай-ақ сапар аясында Алматының құрылыс мәселелері мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды талқылау жөніндегі кеңес өткізілмек.