14:16, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Премьер-Министр «Астана полиграфияның» жаңартылған кешен болып қайта ашылуына қатысты
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін елордада жаңартылған «Астана полиграфия» АҚ кешенінің ашылуы болды. Салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов және қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана полиграфия» АҚ басқармасының төрағасы Алтынай Құдабаева атап көрсеткендей, жаңартылған полиграфия орнында «Solna» және «Krestwood Trading AB» швед техникасының арқасында бір ауысымда 500 мың дана газетті бастыруға болады. Сондай-ақ мұнда сағатына 25 мың дана түрлі-түсті баспа өнімдерін шығара алатын «Solna D25» техникасы іске қосылған. 2006 жылда басталған жаңарту жұмыстары барысында «Астана полиграфия» АҚ-да жаңа кеңсе және өндірістік бөлімдер жабдықталып, теміржол тетігі бар жеке қойма ашылған. «Осының арқасында біз шығаратын баспа өнімдерінің жылдық саны 48 млн. данаға дейін жетіп отыр», дейді А.Құдабаева.