Премьер-Министр Атырау облысына жұмыс сапарын аяқтады

АТЫРАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін түстен кейін өңірдегі бірқатар нысандарды аралады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Премьер-Министр жаңадан салынған Қан орталығында болды, «ҚазТрансОйл» компаниясының спорттық-сауықтыру кешенімен танысты. Орал өзені арқылы салынып жатқан, Жилгородок пен Авангард ықшамаудандарының арасын қосатын көпір өткелінің құрылысымен, сондай-ақ өзен арқылы салынып жатқан Әлиев көшесіндегі екінші көпірдің құрылысымен танысты. Одан кейін қазақ-түрік лицейіне ат басын тіреді. Үкімет басшысы бүгін сондай-ақ «Аджип ККО» компаниясының жаңа кеңсесінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты және осы компанияның оқу орталығын аралады. Премьер-Министр Атыраудан Ақтауға ұшып кетті.
Соңғы жаңалықтар