18:49, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігіне ата-аналары уақытша жұмыс істемейтін оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға міндеттеді
АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгінгі өткен алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Білім және ғылым министрлігіне облыс әкімдерімен бірлесіп ата-аналары уақытша жұмыс істемейтін мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыруды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, халықтың жұмыстан босап қалуы мүмкін тобының балаларын мектепке жіберудегі себептерінің бірі - оларды тамақтандырып алу. Сондықтан облыс әкімдерімен бірлесіп, бұл мәселені пысықтаңыздар», деді алқада Премьер-Министр. Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі қаржы дағдарысы кезінде жұмысыз қалып қоюы мүмкін халықтың тобы үшін жергілікті жерлерде жергілікті бюджет есебінен мұндай жұмысты ұйымдастыру қажет.
«Ақпанның 1-індегі Үкімет отырысында мен сізден осы мәселе туралы жауап күтемін. Облыс әкімдерімен сөйлесіңіз», деді Үкімет басшысы министр Ж. Түймебаевқа қаратып айтқан сөзінде.