Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Премьер-Министр еліміздегі қорғаныс өнеркәсібін дамыту жөніндегі жұмыстарға көңілі толмайтынын білдірді

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов еліміздегі қорғаныс өнеркәсібін дамыту жөніндегі жұмыстарға көңілі толмайтынын білдірді,

Премьер-Министр еліміздегі қорғаныс өнеркәсібін дамыту жөніндегі жұмыстарға көңілі толмайтынын білдірді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста бұл бағытта көңілге қонымды дүниелер жасалмай отырғанына тоқталған К. Мәсімов, Индустрия және сауда министрлігінде де, Қорғаныс министрлігінде де, «Қазақстан инжиниринг» компаниясында да бұл бағытта қандай жұмыс істеу жөнінде көп айтылғанымен, нақты нәтиже жоқтығын атап көрсетті. Өз кезегінде Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник отандық өндірушілерге берілген қорғаныс тапсырысы 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1,5 есеге өскенін атап өтті. Оның айтуынша, өзіміздің КамАЗ-дарды барынша көп сатып алу қажет. Оны шығаратын зауыт Қорғаныс министрлігінің қажеттілігі үшін бұл көліктің кез келген түрін жасауға дайын. «Әрине, олар Қытайдың жүк көліктерімен салыстырғанда әжептәуір қымбат. Мен елдің нарығын қорғауға мүмкіндік беретін баж салығы бойынша шешім қабылданады деп үміттенемін», деді министр.Сонымен қатар, В. Школьник елімізде оқ-дәрі шығаратын өндірісті жолға қою қажеттігін жеткізді. «Оқ-дәріні өзімізде шығару мәселесін 2006 жылдан бері шешуге тырысып келеміз. Егер өз бетімізбен оны шығара алмайтын болсақ, онда қорғаныс қабілетіміздің халі нешік? Сондықтан, бұл істі жолға қою қажет, бұл қорғаныс саласына сүйеніш бола алады», деді ол. Ал, Қорғаныс вице-министрі Болат Сембинов болса министрлік әуе қорғанысы күштерін нығайту желісі бойынша жұмысты күшейтіп жатқанын, әскери-теңіз күштерін қалыптастыру жөніндегі мүмкіндіктер зерделеніп отырғанын жеткізді.