Премьер-Министр еліміздегі вокзалдарды ҚТЖ-ға қайтаруды тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов еліміздегі вокзалдарды Қазақстан теміржолы компаниясына қайтаруды тапсырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен бүгін Қаржы министрлігі мен Көлік және коммуникация министрлігіне вокзалдарды Қазақстан теміржолы компаниясына қайтару туралы мәселені пысықтауды және маған тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Мен ол ұсыныстарды қолдаймын, сондай шешім қабылданды», деді Үкімет басшысы бүгін ҚТЖ-ның жыл қорытындысына арналған алқа мәжілісінде.

Осы орайда Премьер-Министр барлық теміржол компанияларының вокзалдарға тең құқықты қол жеткізілімін қамтамасыз ету және тиісті деңгейде қызмет көрсету үшін жағдай жасау керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар