Премьер-Министр ІІМ-не жол полициясы қатарындағы жемқорлықпен күрес мәселесін күшейтуді тапсырды
қпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігіне жол полициясы қатарындағы жемқорлықпен күрес мәселесін күшейтуді тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі қауіпсіздік қызметі арқылы жемқорлықпен күрес мәселесін жүргізіңіздер. Себебі, бұл салада ондай мәселе бар»,-деді Үкімет басшысы Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовке қаратып айтқан сөзінде.
Премьер-Министр қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, сондай-ақ ұялы телефонды пайдалану фактілері бойынша азаматтардың жол полициясы қызметкерлеріне хаттаманы толтырмас үшін пара беретінін, ал бұндай заңсыз әрекеттердің жолын кесу керектігін айтып өтті.