10:23, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Премьер-Министр Қарағанды облысына сапар жасайды
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Қарағанды облысына сапармен барады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республика өңірлеріне жұмыс сапарын жасау барысында еңбекпен қамту, жұмысыздыққа жол бермеу мәселелері Үкімет басшысының басты назарына алынып отыр. Қарағанды облысына жасалатын сапардың да негізгі мақсаты осы. Премьер-Министр Қарағандыға түстен кейін келеді деп күтілуде. Жұмыс сапарының бағдарламасында бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралау жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Үкімет басшысы өткен жылдың аяғында ашылған Қарағандыдағы жаңа емханаға ат басын тірейді, «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамында, Қарағанды ағаш өңдеу комбинатында, кен саласында жұмыс істейтін «Минова-Қазақстан» бірлескен кәсіпорнында, көкөніс сақтау қоймасында болады.
Сондай-ақ, К.Мәсімов Теміртауда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшылығымен өтетін кеңеске қатысады, онда өндірістік үдерістерді тұрақтандыру және жұмысшыларды әлеуметтік қорғау жөніндегі бесжақты меморандумның орындалу барысы қаралады.