Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысында жұмыс орындарын барынша құру бойынша мәселені қарастыруды тапсырды

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеевке Маңғыстау облысында жұмыс орындарын барынша құру бойынша мәселені қарастыруды тапсырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маңғыстау облысының әкімімен бірге жұмыс орындарын құру, оның ішінде осы өңірдегі проблемалық аймақтарда еңбекпен қамту мәселесін шешуді тапсырамын», деді К. Мәсімов өзінің орынбасарына қаратып айтқан сөзінде.

Үкімет басшысы осы жерде жергілікті органдарда даярлауға байланысты кәсіби-техникалық училищелерді қарастыру керектігін айтып өтті. Оның айтуынша, осы өңірде көліктік даму шаралары тұрғысында, яғни автокөлік жолдары, битум зауыты, сондай-ақ темір жол құрылысы бойынша жұмыстар қамтылуы тиіс. Бұл жалпы кешенді шаралар екеніне тоқталған Премьер-Министр, «Мұның барлығын Маңғыстау облысының дамуына енгізу қажет. Бұл жаңа жұмыс орындары мен мамандықтарды құруға бағытталған», деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар