Премьер -Министр Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының төрағасын қабылдады

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашевты қабылдады,
None
None

деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің, кәсіптік одақтардың орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс - қимылын нығайтудың, сондай - ақ, 2010 жылы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтерудің өзекті мәселелері талқыланды.

Еңбекақыны көтеру мәселесіне қатысты К.Мәсімов Үкімет ағымдағы жағдайда мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігінен шыға отырып, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру және жалақы деңгейін кезең -  кезең бойынша көтеруге қатысты жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Премьер - Министр қазіргі таңда бірқатар министрліктер мен Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының өкілдерінен құралған жұмыс тобының бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын көтерудің мерзімін 2010 жылдың 1-ші немесе 2-ші тоқсанына ауыстыру туралы ұсынысы қаралып жатқанын хабарлады. Сондай - ақ, бұл мәселе бойынша жыл соңына дейін бірлескен кеңес өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар, К.Мәсімов Үкімет кәсіподақтардың ауыр жұмыстарда, зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстарда еңбек ететін жұмысшылардың зейнетақы жасын төмендетуге қатысты, сондай - ақ, кейбір санаттағы жұмысшыларды 2-ші тізімге (жеңілдетілген жағдайда жасына қатысты зейнетақыға құқық беретін өндіріс, жұмыс, мамандық, лауазым және зиянды және ауыр еңбек жағдайындағы көрсеткіштер) енгізуге қатысты ұсыныстарын қарайтынын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар бір жыл бұрын ( 2008 ж. 12 желтоқсанда ) ҚР Үкіметі мен жұмысшылардың республикалық бірлестіктерінің, сондай - ақ, жұмыс берушілердің арасында бекітілген Бас келісім бойынша әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия аясында өзара іс - қимылды жалғастыру керектігі туралы пікір білдірді. Осыған байланысты Премьер - Министр К.Мәсімов кәсіподақтар федерациясының Үкімет мүшелері, облыстар әкімдері, еліміздің аймақтарындағы кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен олардың өкілдері қатысатын республикалық бейнеконференцияны өткізу туралы ұсынысын қолдады. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік - экономикалық саладағы және еңбек қатынастарындағы әлеуметтік әріптестік туралы» ( 1994 ж. желтоқсан) қаулыға қол қоюының 15 - жылдығына орайластырылған.

Сондай - ақ, К.Мәсімов 2010 жылдың 3 маусымына шақырылу көзделген кәсіподақтар Федерациясының кезекті XXII съезінің жұмысына Үкімет мүшелерінің қатысуы туралы ұсынысты да қолдады.

Кездесу соңында Премьер - Министр кәсіподақтарды орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы белсенді байланысты жалғастыруға шақырып, өзара еңбек қатынастары саласындағы өзекті проблемаларды ашық талқылау үдерісінің жалғасатынына және өзара тиімді шешімдердің қабылданатынына сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша С.Мұқашев «Үкімет пен кәсіподақтардың үйлесімді диалог пен өзара түсіністік жағдайындағы шешімдерді түзудегі ұмтылысын» атап өтті.

Соңғы жаңалықтар