Премьер-Министр Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Экономикалық кеңесшілер кеңесінің кезекті отырысын өткізді

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Үкіметі жанындағы Экономикалық кеңесшілер кеңесінің кезекті отырысын өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңес 2009-2010 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаның өзекті бағыттарын жүзеге асырудың нақты тетіктерін, соның ішінде макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады. Ақша-несие саясаты құралдары мен тетіктері, елдің сауда балансын қамтамасыз ету, екінші деңгейлі жүйеқұрушы банктерді қосымша капиталдандыру, Стрестік активтер қоры жұмысын ұйымдастыру, ипотекалық несиелеу және тұрғын үй секторын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тарту қаралды. Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау ұстанымдары және оны екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу тетіктері егжей-тегжейлі талқыланды. Ауылдық жерлерді шағын несиелеудің қолжетімділігін арттыру, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін ағымдағы экономикалық жағдайға парапар шараларға, агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа экспортқа бағдарланған секторын құруға сараптама жасалды. Әлемдік экономикалық дағдарыстың келеңсіз әсерлері жағдайында жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік-әлжуаз жіктерін қолдауды қамтамасыз етудің формалары мен әдістеріне баса назар аударылды. Тұрақтандыру бағдарламаларын іске асыруға бөлінген қаражаттардың жұмсалуын бақылау мен тиімділігін қамтамасыз ететін тетіктерді қарауға, сондай-ақ оны жүзеге асыру барысының индикаторлары мен өлшемдерін жасауға айрықша назар аударылды. Пікір алысу барысында бірқатар белгілі экономикалық сарапшылар - профессор А.Е.Есентүгелов, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы С.А.Аханов, Экономика институтының директоры О.С.Сәбден, Экономикалық және қаржылық дүмпулерді ерте анықтау орталығының директоры С.Н.Алпысбаева, Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры М.М.Махмұтова мен оның орынбасары К.Б.Берентаев, «Үштік Диалог Қазақстан» директорлар кеңесінің төрағасы А.Р.Елемесов, «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы төрағасының орынбасары Е.С.Никитинская және басқалары бірқатар ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Сарапшылар тұтастай алғанда үкіметтік ұстанымдарды қолдады және олардың дер кезінде қабылданып отырғанын атап өтті. Талқылау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін тактикалық және стратегиялық міндеттерді ескерген ұсынбалар, дағдарысқа қарсы бағдарламаны орындауға және оны жүзеге асыруға бөлінген қаржыны жұмсауға бақылау мен мониторинг жүйесін жасауға ұсыныстар топтамасы қалыптастырылды. Бұдан басқа Экономикалық кеңесшілер кеңесі ауқымында Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары жұмысын қадағалау және реттеу агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының (макроэкономикалық тұрақтылық; қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу; шағын және орта бизнесті қолдау; ауыл шаруашылығын дамыту; серпінді инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру; жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік-әлжуаз топтарын қолдау) негізгі бағыттары бойынша жұмыс топтары құрылды.
Соңғы жаңалықтар