18:36, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Премьер-Министр Қазақстанда цифрлық теледидарды дамыту туралы ұсыныс енгізуді жүктеді
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгінгі алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрлігіне Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бірлесіп, Үкіметке таяу арада Қазақстандағы цифрлық теледидарды дамыту туралы ұсыныс енгізуді жүктеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ресей Федерациясы цифрлық теледидарды дамыту жөнінде шешім қабылдап, бұл бағытта алға жылжып бара жатыр. Қытай да сондай. АҚШ пен Еуропа елдерінің барлығы цифрлық теледидарға әлдеқашан көшкен. Бізге бұл үдерісте көштен қалуға болмайды», деді өз сөзінде Премьер-Министр.Осы орайда, Үкімет басшысы биыл бірінші тоқсанның соңына дейін Қазақстанда цифрлық теледидарды дамыту мәселесі шешімін табуы тиістігін айтты.