Премьер-Министр Қазақстандағы үш мұнай өңдейтін зауыттың бұдан былайғы қызметінің жоспарын әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Энергетика және минералдық ресурстар министрігі мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына Қазақстандағы үш мұнай өңдейтін зауыттың бұдан былайғы қызметінің жоспарын әзірлеуді тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Еліміздегі үш мұнай өңдейтін зауыт сол немесе басқаша формада мемлекеттің, яғни «ҚазМұнайГаз» компаниясының бақылауында. Сондықтан бұл зауыттардың қызметін одан әрі дамытудың нақты жоспары қажет. Бұл тапсырманы Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайгаз» компаниясына жүктеймін», деді бүгін Астанада Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде К. Мәсімов. Үкімет басшысы аталмыш тапсырма бойынша жауапты тиісті ведомстволардың алқа мәжілістерінде естігісі келетінін атап көрсетті. Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде үш мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Олар: Шымкент мұнай өңдеу зауыты («Петро Қазақстан ойл продакт»), Атырау мұнай өңдеу зауыты және Павлодар мұнай өңдеу зауыты.
Соңғы жаңалықтар