Премьер-Министр ҚТЖ басшылығына отандық теміржол көлігі машинасын жасауды дамыту міндетін қойды

; АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстан теміржолы компаниясына еліміздің теміржол саласындағы мұқтаждықтарды шешу үшін отандық теміржол көлігі машинасын жасауды дамытуды тапсырды. Ол бұл тапсырманы бүгін ҚТЖ-ның алқа мәжілісінде берді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандық машина жасауды дамыту, дәлірек айтсақ, «Тальго» жолаушылар вагонын құрастыратын зауыттың бірінші кезегін іске қосу керек. Бұл жұмысты шілденің 1-іне дейін аяқтау міндетін қоямын. Әрине, бұл күрделі мәселе, алайда жұмылып, барлық базалық мәселені шілденің 1-іне дейін аяқтау керек», деді алқа мәжілісінде Үкімет басшысы.

Премьер-Министр компания басшылығына Атбасардағы электровоз шығаратын зауыттың және Екібастұздағы жүк вагондарын жасайтын зауыттың құрылысын шілденің 1-іне дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар Алматыда жолаушылар вагонын жасау жобасын жүзеге асыруды жалғастыруды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар