Премьер-Министр Маңғыстау облысында салынатын битум зауытының алғашқы тасын қалау салтанатына қатысты

АҚТАУ. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысында жол құрылысына қажетті битум өндіретін зауыттың іргетасы қаланды. Облыста жұмыс сапарымен жүрген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен бүгін жаңа зауыттың алғашқы тасын қою салтанатты өтті.
None
None
Жобаның бастамашылары ? «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «СІТІС Group» халықаралық қаржы тобы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жобаның техникалық-экономикалық негіздері бойынша, битум зауытының тиімділігі ? өнімге қажетті шикізаттың облыстағы Қаражанбас кен орынының мұнайынан алынатындығында. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай Қаражанбас мұнайы еліміздің кілт өзгергіш континентальдық климатында пайдалануға жарамды жақсартылған сападағы жол битумын өндіруге сәйкес келеді. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің болжамы бойынша 2009 жылы республиканың жол қатынасы саласында битумге деген сұраныс жылына 764 мың тонна құрамақ. Ал 2015 жылға қарай бұл сұраныс 1107 мың тоннаға дейін артпақ.«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «СІТІС Group» халықаралық қаржы тобының тапсырысымен «Shell Global Solution» компаниясы битум зауыты жобасының екі нұсқасын жасап шығарған. Соларға сәйкес, жобаның өндірістік қуаты жылына 420 мың тонна жоғары сапалы жол битумын өндіруге жетпек. Ол үшін жылына 1 млн. тонна Қаражанбас мұнайын қайта өңдеу жоспарланып отыр. Жобаның құны ? 145 млн. АҚШ доллары.
Соңғы жаңалықтар