Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Премьер-Министр ОҚО-дағы жанар-жағармай бағасының негізсіз көтерілуіне кінәлілерді жазалауды тапсырды

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат  /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Бәскелестікті қорғау агентігіне Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасының негізсіз көтерілуіне кінәлілерді жазалауды тапсырды,

Премьер-Министр ОҚО-дағы жанар-жағармай бағасының негізсіз көтерілуіне кінәлілерді жазалауды тапсырды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әкімдікпен бірлесіп шұғыл және жүйелі шараларды қабылдап, тексеру жүргізіңіздер, бағаны басқа шауып, төске өрлеткендердің жазасын тартқызыңыздар», деді К. Мәсімов бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, өңірдегі жанар-жағармайдың тапшылығын жою үшін қазіргі таңда әкімдік «Торғай Петролиум»  компаниясымен  облыс нарығына қосымша 2 мың тонна шикізат жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізген. «Алайда, бұл мәселенің негізгі түйіні «Петро Қазақстанға» және оның шикізатты жеткізуіне келіп тіреледі», деді ол.

 Өз кезегінде М. Есенбаев Шымкент мұнай өңдейтін зауытының қажетті шикізатпен толық қамтамасыз етілмей отырғандығы басты проблема  екендігін айтты.  «Жаз айларында онда 390 мың тонна мұнай өңделді. Алайда, олардың 450 мың тонна мұнай өңдейтіндей мүмкіндігі болды», деді ол.  Осы орайда , М. Есенбаев Бәсекелестікті қорғау агенттігі Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен және Табиғи монополияларды қорғау агенттігімен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай тапшылығы проблемасын жою үшін шаралар әзірлейтіндерін жеткізді.