Премьер-Министр оқудың ақысын төлей алмағандары үшін студенттерді оқудан шығаруға қатысты мәселенің оңтайлы шешімін табуды міндеттеді

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Білім және ғылым министрлігіне, республикамыздағы жоғары оқу орындарының ректорларына оқудың ақысын төлей алмағандары үшін студенттерді оқудан шығару проблемасын қараусыз қалдырмауды тапсырды.
None
None
Ол бұл тапсырманы аталмыш министрліктің 2008 жылдың қорытындысына арналған бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Студенттер оқудың ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылып жатқандарына наразылықтарын білдіруде. Әсіресе бұл ең саясиланған қала Алматыға қатысты. Бұл мәселе таза экономикалық тұрғыдан қандай да бір саяси сипатқа ұласып барады», деген Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігіне, жоғары оқу орындарының басшыларына бұл мәселені ушықтырмай, оңтайлы шешімін табуды жүктеді. Қазіргі қаржы дағдарысы халықтың жұмыспен қамтылуына теріс әсерін тигізіп жатқанына тоқталған К. Мәсімов: «Адам жұмысынан босап қалып, ипотеканы, баласының оқуының ақысын төлей алмай жатыр. Бұл мәселенің (студенттердің-ред.) шешімін табыңдар. Егер біздің тарапымыздан қандай да бір көмек қажет болса, мен оны сіздермен бірге шешуге дайынмын. Алайда бұл мәселені өз бетімен қараусыз қалдыруға болмайды», деді. «Бұл осы жылғы бірінші тапсырма. Одан кейін қалай әрекет ететінімізді көреміз», - деп қосты Үкімет басшысы.
Соңғы жаңалықтар