Премьер-Министр Парламент депутаттарынан құрылыс саласына қатысты заңнамаларға Үкімет енгізетін өзгерістерді қолдауды сұрады

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқасында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Парламент депутаттарынан еліміздің құрылыс саласына қатысты заңнамаларына Үкімет енгізетін өзгерістерді қолдауды сұрады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алқада министр Владимир Школьник биыл Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, өзгерістерде қаржы секторындағы қазіргі жағдай ескерілетін болады. Жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына арналған қаржы ұлғайтылады. Қазіргі таңда заң жобасы Президент Әкімшілігінде қаралып жатыр. Бұдан бөлек Үлестік құрылыс мәселелері заңнамасына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Онда банк секторының міндетті түрде қатысуын қарастыратын үлестік құрылыстың жаңа механизмі көзделген. «Бұл жерде біздің үлескерлерді 100 пайыз қорғау туралы сөз болып отыр», -деді министр. Алқаны қорытқан Премьер-Министр, депутаттардан құрылыс саласына қатысты заңнамаларға, оның ішінде Үлестік құрылыс туралы заңға Үкіметтің енгізетін өзгерістерін қолдауды сұрады. «Мұның алдындағы заңның жетілдірілмегені қиянатшыл «жолдастарға» біздің азаматтарды алдауға мүмкіндік беріп қойды. Сол олқылықтарды жоюға басталған жұмысты аяғына дейін жеткізу қажет», - деді К. Мәсімов. Осы орайда Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне құрылыс саласына қатысты мәселелерді шешудегі жұмысын облыс, ең алдымен Алматы және Астана қалаларының әкімдерімен бірлесіп үйлестіруді тапсырды.
Соңғы жаңалықтар