Премьер-Министр: Ревакцинацияны міндетті түрде жасаймын
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ревакцинацияны міндетті түрде жасататынын мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Ревакцинацияны міндетті түрде жасаймын. Маусым айында салдырған алғашқы вакцинам «Спутник V» болды. Тиісінше, қазір Pfizer бар, біздің QazVac және Қытай вакциналары бар. Қазір вакциналардың бірнеше түрі қолжетімді. Мамандармен кеңесемін, ревакцинацияға қандай вакцина салдыратынымды әлі анықтамадым. Әрине, бірінші вакцинадан кейін 6-8 ай өтуі қажет», - деді А. Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.
Бұған дейін Асқар Мамин «Сбербанкпен» не үшін жұмыс істеу қажеттігін түсіндірген еді.