Премьер-Министр санитарлық бақылауды денсаулық сақтау жүйесінің басқаруына беру мәселесін пысықтауды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов санитарлық бақылауды денсаулық сақтау жүйесінің басқаруына беру мәселесін пысықтауды тапсырды.
None
None

Үкімет басшысы ветеринарлық қадағалау жағдайына тоқталды. «Ветинарлық қадағалау бойынша жергілікті жерлерді тиісті бақылау болмай тұр»,-деді.

Премьер-Министр санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басқаруына беру шараларын жылдамдатуды тапсырды.

«Біз осындай шешім қабылдағанбыз, алайда ол мәселе тежеліп қалды. Санитарлық бақылауды мен денсаулық сақтау саласын қосу керек. Осы ретте жергілікті жерде кімнің неге жауап беретіні, кімнің немен баратындығы тұрғысында ретсіздік орын алғанын байқадым. Дариға Нұрсұлтанқызы, бұл мәселе бойынша ұсыныс енгізуіңізді тапсырамын. Бізге бұл тұрғыда толық мән-жайды ашып алуымыз керек»,-деді К. Мәсімов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы Қарағанды облысына сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан аумағындағы ауру малдардың өлексесі көмілген орындардың күзетін күшейтуді тапсырды. «Кеше біз Қарағанды облысында түйнеме мәселесі бойынша кеңес өткізген болатынбыз. Ауру малдардың өлексесі көмілген жерлерді күзету бақылаудан шығып бара жатыр. Осы реттегі жұмыстарды тыңғылықты пысықтау керек және бұл бағытта тиісті тапсырма бердім. Асқар Исабекұлы, осы жұмыстарды үйлестіру әкімдермен бірге сізге жүктеледі. Үкіметтің келесі отырысында осы мәселеден бастаймыз»,-деді К. Мәсімов вице-премьер-ҚР Ауыл шаруашылығы министріне қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар