Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Премьер - Министр Спорт сарайының құрылыс барысымен танысты - Талдықорған

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында жұмыс сапарымен жүрген Үкімет басшысы Талдықорғанның оңтүстік-батыс бөлігінде салынып жатқан Спорт сарайының құрылысымен танысты,

Премьер - Министр    Спорт  сарайының  құрылыс  барысымен танысты - Талдықорған

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылысы 2007 жылдың тамыз айында басталған Спорт сарайы 2010 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Оның сметалық құны 3 миллиард теңгеден астам.

Мінбелеріне 1,5 мың көрерменді сыйғызатын Спорт сарайы республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге, сондай-ақ спортшылардың жалпы дайындығына, денсаулық топтарының сабақтарына арналған, мұнда сонымен бірге қала тұрғындарына сауықтыру жөніндегі білікті қызметтер де көрсетілетін болады. Осы мақсатта ғимаратта түрлі тренажерлар залы қарастырылған. Мұнда сонымен бірге, шағын футболға арналған және баскетболға арналған ареналары бар әмбебап зал, спорттық бал билеріне арналған зал, самбо, дзюдо, таэквандо, бокс, еркін және классикалық күрес сияқты спорт түрлерімен айналысуға арналған залдар бар. Ал үшінші қабатта радиоторап пен журналистерге арналған баспасөз орталығы орналасады.

Нысанда спортшыларды қабылдауға және оларды орналастыруға да жағдайлар жасалып отыр, олар үшін жайлы қонақүй, шешінетін екі жайы, душы және санитарлық тораптары бар фитнес-орталық, саунасы, массаж бөлмесі, орыс, түрік және фин моншалары, бассейні бар екі VIP-жай тағы бар. Нысанның жертөлесінде 85 орындық дәмхана мен 100 орындық дәмхана-бар, өндірістік және қосалды жайлар, сауда қатарлары орналасады. Ол қабатта сондай-ақ үстел теннисіне және бильярд ойынына арналған зал, тир және 66 орындық жерасты автотұрағы болады.