12:57, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Премьер-Министр тауар нарығындағы бағаны қадағалауды тапсырды
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қызмет көрсету мен тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бағалар бойынша жұмыстарды әкімдермен бірлесе отырып жалғастыру шарт. Бұл қазіргі кезде негізгі мәселе болып саналады. Егер валюта нарығында барлығы тынышталған болса, ал бағалар бойынша барлық жерде сәтті болмай тұр», -деді Үкімет басшысы Индустрия және сауда министрі Владимир Школьникке.
Премьер-Министр осы мәселеге байланысты кейін бақылау өлшемдері жасалатын атап өтті.