Премьер-Министр Үкіметтің қарауына Республикалық индустрияландыру картасы жобасын енгізуды тапсырды

қпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бір ай мерзімде Үкіметтің қарауына Республикалық индустрияландыру картасы жобасын енгізуды тапсырды.

Премьер-Министр Үкіметтің қарауына Республикалық индустрияландыру картасы  жобасын енгізуды тапсырды

Ол бұл тапсырманы Үкіметтің бүгінгі отырысында берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, аталмыш жобада ресурстық дамудың, инфрақұрылымның теңгермелілігі қамтамасыз етілуі тиіс. «сейсенбі күні біз жалпы бағдарламаны тыңдап, қабылдаймыз. Бұл бағдарламада жергілікті жерлердегі кәсіпкерліктің дамуы ынталандырылатынын ескеретін боламыз. Бұл мәселені аяғына дейін жеткізу керек», деді К. Мәсімов Индустрия министрі мен Экономика министріне қаратып айтқан сөзінде.

Премьер-Министрдің айтуынша, индустрияландыру картасының жобасында Кеден одағының құрылғаны, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылатыны да ескерілуі қажет. «Бұл мәселелерді ұтымды пайдаланатын болсақ, ол бізге үлкен мүмкіндіктер береді. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары, ставкаларды субсидиялау, несиелерді кепілдендіру, кедергілерді төмендету бұлардың барлығы кәсіпкерлікке бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие болуға, шығындарын төмендетуге, Ал Кеден одағы тауарларды сататын нарықтарды кеңейтуге мүмкіндік береді», деді ол.