Премьер-Министр Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын жеке бақылауына алды

Министр С.Жасұзақов оқиға орнындағы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізу бойынша қолға алынған іс-шаралар барысы туралы баяндады. Уәкілетті орган сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастады. Әскери бөлімде Тараз гарнизонының қызметкерлері жұмыс істеуде.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тапсырды.
Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа оқиға орнына ұшып бару тапсырылды. Тексеру барысын Премьер-Министрі өзінің жеке бақылауына алды.
Еске сала кетсек, 17 ақпанда Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні түсті. Жауынгерлік дайындық сабағына барлығы 23 адам қатысқан. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Көксай шатқалындағы іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 әскери қызметші қаза тапты.