Премьер-Министр жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беруді тапсырды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Жер ресурстарын басқару агенттігінің алқа мәжілісінде ағымдағы жылы мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беруді тапсырды.
None
None

«Жер қайта орны толатын ресурс емес. Сондықтан, біз жерге қамқорлықпен қарауымыз қажет»,-деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен қатар алқа мәжілісі барысында ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерді тиімді пайдалану, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау тұрғысындағы мәселелерге назар аударылды. Агенттік басшысы Өмірзақ Өзбековтың айтуынша, 2010 жылы 3 млн. гектарды құрайтын 17 мыңнан астам пайдаланылмаған жер учаскелері анықталды. Иесіз, қараусыз қалған жер телімі ретінде 4,9 мың участок тізімге алынды. Ал мемлекеттік меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн. 100 гектар жер телімі қайтарылған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар