Премьер-Министр жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған келісімшарттарға қазақстандық мөлшерді ұлғайту жөнінде өзгерістер енгізуді тапсырды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған келісімшарттарға өзгерістер енгізіп, ол құжаттарға қазақстандық өндірушілердің өнімдерін сатып алу жөніндегі міндетті норманы енгізуді тапсырды.
None
None
Ол бұл тапсырманы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Барлық келісімшарттарды (жер қойнауын пайдалану саласындағы ? ред.) қайтадан қарап, қазақстандық мөлшердің болуына назар аударыңыздар», деді Үкімет басшысы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Асқар Баталовқа қаратып айтқан сөзінде.Асқар Баталовтың айтуынша, министрліктің жасаған талдауы жер қойнауын пайдаланудағы 300-ге жуық келісімшарттарға қазақстандық тауарларды сатып алу нормалары енбегенін көрсеткен. Жауапты хатшы жер қойнауын пайдаланудағы келісімшарттардың қазақстандық мөлшерді арттыру бөлігіне өзгерістер енгізу жұмысын екі аптаның ішінде аяқтайтындарын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар