Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Премьер-Министр жергілікті деңгейдегі бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бір ай мерзімде жергілікті деңгейдегі бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Премьер-Министр жергілікті деңгейдегі бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды

Ол бұл тапсырманы Үкіметтің бүгінгі отырысында берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы кәсіпкерлер нақты ауданда, нақты қалада жұмыс істеп жатқандығын айта келе, олар үшін жергілікті деңгейдегі әкімшілік кедергілерді төмендету аса маңызды болып табылатынын атап көрсетті. «Жалпы алғанда, кәсіпкерлікті дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысына баға берген кезде осы нәрсе қатты ескерілетін болады», деді ол.