Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Атырау облысына жұмыс сапарымен барады

АТЫРАУ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Атырау облысына сапар жасауды жоспарлап отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ө.Шөкеев Атырау полиэтилен құбырлары зауытында және осы өңірдегі мұнай өңдеу зауытында болады. Одан кейін облыстық әкімдікте кеңес өтеді, онда ұлттық компаниялар мен холдингтердің Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жүйе құрушы кәсіпорындарынан сатып алатын тауарлар мен қызметтердің қазақстандық мазмұнын арттыру қажеттілігі туралы сөз болады.
Соңғы жаңалықтар