13:16, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Премьер-Министрдің қатысуымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 18-і күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Алқалы жиында министр Ақылбек Күрішбаев «Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылғы жұмыс қорытындысы және 2010 жылғы міндеттері» деген тақырыпта баяндама жасайды.
Министрліктің баспасөз қызметі сонымен бірге, кеңейтілген алқа отырысына Парламент депутаттары, мүдделі министрліктер мен агенттіктердің басшылары мен өкілдері, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, Алматы және Астана қалаларының аумақтық инспекция басшылары шақырылып отырғанын хабарлап отыр.