Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев бүгін Шығыс Қазақстанға сапар жасайды

ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстанға Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен барады,

Премьер-Министрдің  орынбасары Ербол  Орынбаев    бүгін   Шығыс   Қазақстанға   сапар    жасайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапардың негізгі мақсаты ? «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асырудың барысымен танысу. Атап айтқанда вице-премьер Өскемен қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысымен танысуды, облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралауды жоспарлап отыр. Делегация сондай-ақ Глубокое ауданына сапар жасап, ондағы Бобров орта мектебі мен ауылдық округ әкімдігіне ат басын тірейді деп күтілуде. Сапардың қорытындысы облыс әкімдігінде өтетін жұмыс кеңесінде шығарылады.