14:53, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
Премьер жаңадан салынған туберкулезге қарсы ауруханасында болды
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың аймаққа сапарының бағдарламасы жаңадан салынған туберкулезге қарсы ауруханасында болумен жалғасты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аурухана өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді және ол 100 төсекке есептелген. Нысан республикалық бюджет қаражатына салынды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 683 млн. теңгені құрады.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Владимир Стельмах Үкімет басшысына өткен жылы Қостанай облысында денсаулық сақтаудың дамуы туралы әңгімелеп берді. Мысалы, осы саланың бюджеті 14,5 млрд. теңгені құраған, ол 2007 жылға қарағанда 12,5 пайызға артық. 1,2 млрд. теңгеден астам сома денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге жұмсалды. 1 млрд. теңгеден астамы тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге бағытталды, ол 2007 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Материалдық-техникалық жарақтандырылу 1,5 млрд. тенгені құрады немесе өткен жылдың көрсеткішінен 200 млн. теңгеге артық. Сонымен қатар, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша осы саладағы жаңа нысандардың құрылысын салу үшін 1,3 млрд. теңгеге жуық қаражат игерілді.Халықтың денсаулық көрсеткіштері негізінен тұрақты. Туберкулез (148,8-ден 145,8-ге дейін) және онкология (257,2-ден 252,4-ке дейін) аурулары азайды. Ана мен бала өлімі ?республикалық орта деңгейден төмен.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстер денсаулық сақтаудың жаңа жобалары мен нысандары: 500 келушіге арналған Рудный қалалық емханасының, 200 төсектік Рудныйдағы кең бейінді балалар ауруханасының, Қостанайдағы 500 келушіге арналған емхананың, облыстық қан орталғының құрылыстары туралы әңгімелеп берді. В.Мейстер осы барлық нысандардың болжамдық құны 12,6 млрд. теңге көлемінде анықталғанымен, алайда жобалау құны 16,9 млрд. теңгені құрағанын, яғни 4,3 млрд. теңге қаражаттың жетіспеушілігі орын алып отырғанын атады. Оның сөзі бойынша толыққанды қаржыландыру жөніндегі мәселе шешілетін болады.Одан кейін Премьерге облыстағы мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының дамуы туралы әңгімелеп берді.Үкімет басшысы одан кейін облыс орталығына қайтып оралды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру бойынша өтетін кеңеске қатысады.