Премьер-министр әлеуметтік сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордадағы «Әлеуметтік вектор: кәсібилік, құрмет, цифрлық болашақ» халықаралық форумында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік сала мамандарына мемлекеттік наградаларды табыстады.

Мұнай-газ саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді
Фото: Үкімет

Бүгін елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерінің күні аталып өтіп жатыр.

- Бүгінгі іс-шараға еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет етіп, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жүрек жылуы мен мейірім шуағын сыйлап жүрген еңбекқор жандар, ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері жиналып отыр. Сіздердің жетістіктеріңіз бен жоғары адамгершілік қасиеттеріңіз жалпы қоғамға, өскелең ұрпақтың бойына ерекше күш-қуат береді. Атаулы күн қарсаңында Президентіміз адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бүгінгі марапатты Мемлекет басшының сіздердің ел алдындағы еңбектеріңізге деген жоғары сенімі, бүкіл қоғамның өздеріңізге деген шынайы алғысы деп қабылдаңыздар, - О. Бектенов.

Атап айтқанда, Еңбек министрлігінің ардагері Кеңесбек Махамбетов «Парасат» орденімен, сондай-ақ әлеуметтік саланың саланың дамуына елеулі үлес қосқан еңбек сіңірген қызметкерлер Майгүл Жақанова мен Алмакүл Даутова, «МӘСҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Жаныбеков «Құмет» орденімен марапатталды.

Бұдан бөлек, «Ерен еңбегі үшін» медалі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі Захира Бегалиеваға, «Әлеуметтік қорғау саласын дамыту жөніндегі ұлттық ғылыми орталығының технологиялық бөлімінің басшысы Мұратбек Ищановқа, Абай облысы Ақсуат ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының қызметкері Нұргүл Дүкеноваға, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ актуарлық есептеулер қызметі басшысының орынбасары Күлпаш Темірбековаға, Жамбыл облысы Сарысу ауданының Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының әлеуметтік қызметкері Болат Үсембаевқа, Жетісу облысының «Жан шуық – Жетісу» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлназ Тілеуберлиноваға табысталды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Республика күні қарсаңында 500-ден астам еңбек адамы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар