Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Премьер-министр Энергетика министрлігіне бірқатар міндет жүктеді

АСТАНА.KAZINFORM – ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика министрлігіне саланы дамыту бойынша тапсырма берді.

Энергетика министрлігі
Фото: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

– Мұнай мен газ өндірудің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында Энергетика министрлігі барлық жер қойнауын пайдаланушылармен келісмөздер жүргізіп, нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуге тиіс. Бұдан бөлек, көмір химиясының қолда бар әлеуетін ескере отырып, көмірді қайта өңдеу жобаларына жеке инвестицияларды арттыру жұмысын жандандыруды және әлеуетті инвесторларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін цифрлық технологиялар энергетика саласын жаңа деңгейге шығарып отырғанын жазғанбыз.