09:12, 23 Қаңтар 2024 | GMT +5
Президент 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының алдағы екі күнге жоспары туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады.
Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді», — деп жазды Берік Уәли желідегі парақшасына.