Президент Әкімшілігіне 22 мыңнан астам адам шағымданды - Аида Балаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың басынан бері ҚР Президентінің Әкімшілігіне 22 мыңнан астам азаматтан өтініш түсті. Бұл жайында ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жыл басынан бері ҚР Президентінің Әкімшілігіне 22 мыңнан астам азаматтан өтініш түсті. Оның жартысынан көбі (12 мың) орталық мемлекеттік органдардың, 4 мыңнан асамы жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне, шамамен 6 мыңы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ортақ құзіретіне жатады», - деп атап өтеді қоғамдық қабылдаудан.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 2019 жылдың сәуірінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Виртуалды қабылдау» жұмыс істей бастады. Бүгінгі күнге дейін оған 6 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі ҚР Президенті Әкімшілігіне түскен барлық өтініштердің 90 пайызына дейін бақылауға алып, олардың мемлекеттік органдарда қаралуының барлық кезеңін мониторингпен қамтамасыз етіп отыр. Президент көмекшісі - Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева және оның қызметкерлері 2019 жылдың тамызынан бері өңірлердегі көшпелі қабылдауларды қоса алғанда жалпы 1,3 мың адамды жеке қабылдады.

Бөлімнің үйлестіруімен нақты өтініштер бойынша ведомство аралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылып, өтініш берушінің мәселелері мен мемлекеттік органдардың жауаптарына заңдық сараптама жүргізіледі. Өтініш берушімен кері байланыс орнатылған. Жекелеген кейстерге байланысты мүдделі мемлекеттік органдардың бейінді мамандарынан жұмыс тобы құрылады.

Бөлім жұмысында бірқатар жаңалық қолданылады. Атап айтқанда, өңірлерде азаматтарды көшпелі қабылдау жолға қойылған. Олардың өтетіндігі туралы ақпарат әкімдіктердің ресми сайттарында және өңірлік БАҚ-та жарияланып тұрады. Бөлім құрылған сәттен бері 8 облыста және республикалық маңызы бар қалаларды көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірге өтініштермен жұмыс жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленді. Бас прокуратурамен бірге мемлекеттік органдардың өтініштермен жұмыс істеуіне арналған «Е-өтініш» бірыңғай тұғырнамасы жобасы ілкі режімде іске қосуға дайындалып жатыр.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдауы әлеуметтік желіде де белсенді жұмыс істейді. Тәуелсіз заңгерлердің тұжырымын пайдалану тәжірибесі енгізілді. Бұл келіп түскен өтініштерге бастапқы сараптаманы барынша сапалы жүзеге асыруға септігін тигізеді. ҚР Президенті Әкімшілігі Қоғамдық қабылдауының колл-орталығы құрылды. Нұр-Сұлтандағы және басқа да қалалардағы фронт-кеңселелерде азаматтарды қабылдау барысында өңірлермен видеоконференц байланысты пайдалану тәжірибесі қолға алынды.

Толықтай алғанда, бөлім қызметі «халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағдарланған.




Соңғы жаңалықтар